О конференции
2025 жылдың 27 қараша күні, Алматы қаласында XVII республикалық «Media Құрылтай» өтеді – бұл қазақстандық БАҚ нарығының дамуына бағытталған жыл сайынғы салалық конференция.
«Media Құрылтай» – медиа индустриясының жетекші өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері жинплып, БАҚ саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылайтын, медиа-бизнесті дамытудағы табысты стратегиялармен бөлісетін тұрақты пікірталас алаңы.
«Media Құрылтай 2025» медиа саласындағы жүйелі мәселелерге, «БАҚ туралы» заңдағы өзгерістерге, ақпараттық қауіпсіздік пен жалған ақпаратқа (fake news) қарсы күрес, сондай-ақ медиа саласындағы жаңа құралдардың дамуына арналмақ.
16 жыл ішінде «Media Құрылтайға» 2 000-нан астам адам қатысты. Іс-шара қатысушылардың, сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің жоғары бағасына ие болды. Конференцияға кәсіби аудитория – БАҚ құрылтайшылары, меншік иелері, бас редакторлар, сондай-ақ саланың дамуына ықпал ететін мемлекеттік құрылымдар қатысады. Біз медиа, бизнес саласында және журналистика факультеттерінің студенттері үшін тәжірибеде қолдануға болатын сапалы кәсіби контент ұсынамыз.
Программа (демо)
Спикеры
Партнёры









